Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі АӘД жарысында жеңіске
Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебінің 11-сынып оқушылары аудандық мектептер арасында өткен Алғашқы әскери дайындық (АӘД) жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды!Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен мұғалімдердің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Жарыс барысында біздің команда саптық дайындық, әскери эстафета және теориялық білім бойынша үздік өнер көрсетті. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Олар мектебіміздің мәртебесін тағы бір мәрте асқақтатты.