01
апрель
2025
Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі “Таза Қазақстан” акциясына қатысады


Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебінің ұжымы мен оқушылары “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысуда. Бұл бастама табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.Акция аясында мектеп аумағы мен оның айналасын тазалау, ағаш отырғызу және экологиялық тәрбиені насихаттау іс-шаралары ұйымдастырылуда. Оқушылар мен мұғалімдер қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға үндейтін осындай игі істерге белсене атсалысуда.Біз баршаңызды қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты аялауға шақырамыз!