Садуова Жанат Рамашқызы » КГУ "Сарыоленская средняя школа имени Ш.Уалиханова"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Садуова Жанат Рамашқызы
28
июнь
2024

Садуова Жанат Рамашқызы

Садуова Жанат Рамашқызы 1968 жылы 08 қаңтарда ШҚО,Күршім ауданы, Маралиха ауылында дүниеге келдім. 1985 жылы  Күршім ауданы,Сарыолең ауылындағы «Ш.Уәлиханов атындағы  орта мектебін» бітіріп, сол жылы Өскемен педагогикалық институтына түстім,1987 жылы 17 желтоқсаныннан Күршім ауданы Жолнускау  сегізжылдық мектебіне  декреттік демалыс орнына орыс тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым.1998жылдың 2 тамызынан 22 партсьезд атындағы совхозда  мәдениет үйіне баянист болып қабылдандым.1990 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының бос уакытты ұйымдастырушы педагог факультетын 1995 жылы бітіріп, Н.Островский атындағы Күршім №4 орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы болып жұмыс істедім.1998 жылы 9 ақпан айында  Өскемен қаласынының №43 орта мектебінде декреттік демалыс орнында ұйымдастырушы –педагог болып жұмысқа кірдім.2000 ж.17 қаңтарында Риддер қаласының «Дельфин» сауықтыру оқу-тәрбие орталығында 2002 ж1 ақпанына дейін қазақ тілі пәнінен сабақ бердім.2002 жылы Өскемен қаласыының Шығыс Қазақстан   гуманитарлық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп,2004 жылы бітіріп шықтым.

2002жылдың1 ақпанынан Риддер қаласының №17 орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып ауыстым.2007жылдың 1 қыркүйегінен осы мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылдым.2013 жылдың 22 сәуірінен отбасылық жағдаймен Күршім ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі»КММ-не директор болып тағайындалдым. Қазіргі уақытта осы мектепте қызмет жасап жатырмын.